Димаш Құдайберген келесі кезеңде «Дайдидау» әнін орындайды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Димаш Құдайберген келесі кезеңде «Дайдидау» әнін орындайды

Димаш Құдайберген келесі кезеңде «Дайдидау» әнін орындайды

Қытайда өтіп жатқан «Singer-2017» ән жарысының келесі кезеңінде әлемге танылып үлгерген қазақ әншісі Димаш Құбайдерген халық

  • 22 Ақпан 2017
  • 2452
Фото - Caravan.kz

Қытайда өтіп жатқан «Singer-2017» ән жарысының келесі кезеңінде әлемге танылып үлгерген қазақ әншісі Димаш Құбайдерген халық әні «Дайдидау» әнін орындайды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Достар, жақсы жаналық! Димаш Құдайберген Қытайда өтіп жатқан «Singer-2017» конкурсында Қазақ ұлттық өнер университетінің халық аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен «Дайдидау» әнін орындайды», — деп хабарлады министр Фэйсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында. Мұхамедиұлының айтуынша, Мәденет және спорт министрінің мұрындық болуымен халық аспаптар ансамблі Қытайға барып, қазір конкурсқа дайындалып жатыр. «Айта кетейін дегенім, Димаштың курстастары қуана-қуана Қытайға кетті және Димашпен бірге тамаша өнер көрсетпек. Қыз-жігіттер конкурсқа арнап тігілген ұлттық киімдерді киіп шығады», — деп хабарлады министр. Айта кетейік, Димаш Құдайберген «Славян базары» халықаралық ән жарысында осы «Дайдидау» әнін орындап, Гран-Приді иеленген болатын.



 

Соңғы жаңалықтар