Димаш Құдайберген Mens Health журналының мұқабасына шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Димаш Құдайберген Mens Health журналының мұқабасына шықты

Димаш Құдайберген Mens Health журналының мұқабасына шықты

Қытайдағы I Am a Singer байқауына қатысып жатқан Димаш Құдайберген Қытай және Азия елдеріне тарайтын Men's Health журналының мұқабас

  • 2 Наурыз 2017
  • 1614
Фото - Caravan.kz

Қытайдағы I Am a Singer байқауына қатысып жатқан Димаш Құдайберген Қытай және Азия елдеріне тарайтын Men's Health журналының мұқабасына шықты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Weibo қытайлық микроблогтар сервисінде пайда болған суретте журналдың мұқабасында тұрған Димаш Құдайбергенді көруге болады. Басылымның мерзіміне қарағанда, журналдың бұл саны биылғы наурызда шыққан. Ал қытайша жазылған мәтінде Димаш Құдайбергеннің "Мен әлдеқашан жеңіске жетіп қойған адаммын" деген сөзі бар.

Men's Health журналының қытайлық нұсқасы ерлерге арналған басылым. Журнал өкілдері "кез келген заманауи ер адамға кеңес бере алатынын" жазған. Басылым 2003 жылдан бастап шығып келеді, журналдың географиясы — ұлттық және жартылай ұлттық. Айта кетейік, басылым тек қытай тілінде тарайды және айына бір рет шығады.


Осының алдында Димаш Құдайберген Southern Metropolis Daily журналының да мұқабасына шыққан болатын.  

Соңғы жаңалықтар