Димаш Құдайберген қатысып жатқан Қытайдағы ән байқауы 21 қаңтарда эфирге шыға бастайды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Димаш Құдайберген қатысып жатқан Қытайдағы ән байқауы 21 қаңтарда эфирге шыға бастайды

Димаш Құдайберген қатысып жатқан Қытайдағы ән байқауы 21 қаңтарда эфирге шыға бастайды

Қытайдағы I Am a Singer ("Мен әншімін") байқауын көрсететін, рейтингі ең жоғары Hunan TV телеарнасы қазақ әншісі Димаш Құдайбергеннің бейнеролигін тәулік бойы беріп жатыр. Ол 21 қаңтардағы алғашқы эфирде бірінші болып өнер көрсетеді. Димаш жеңіске жетуі үшін 14 сыннан сүрінбей өтуі керек.

  • 13 Қаңтар 2017
  • 4984
Фото - Caravan.kz

Бұл ақпаратты әлеуметтік желі қолданушылары жарыса жариялауда, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

Hunan TV телеарнасы телеарнасы көрсетіп жатқан бейнероликте кадрден тыс: "Арғымақ пен əн — қазақтың қанаты. Көшпендінің қаны мені биіктерге тамсантты. Əннің рухы мені шаршатпайды. Бірінші əнімді айтып болысымен, сен менің мұнда не үшін тұрғанымды білесің. Мен Димашпын! Əнді мың құбылтамын!" деген сөздер бар. Димаш осы байқау үшін өзінің имиджін өзгертіпті.

Бұл — I Am a Singer байқауының бесінші маусымы. Ол Чанша қаласында өтіп жатыр. Осы сайыста Димаш Құдайберген Қытайдың ең танымал, ең мықты алты әншісімен бақ сынасады. Күллі қазақ оған жеңіс тілеуде.

Айта кетейік, Димаш Беларусьтың Витебск қаласында 2015 жылы өткен "Славян базары" байқауында бас жүлдені жеңіп алған болатын. 


Бұл Hunan Tv арнасынан 24 сағат бойы жүріп жатырған бейнеролик. Димаш 21 қаңтар күні алғашқы эфирде бірінші болып өнер көрсетеді. Жеңіске жетуі үшін 14 сыннан сүрінбей өтуі керек! #IAmSinger Аудармасы: 外星人拜访地球 第一句话,该说什么? Инопланетянин жерге келгенде алдымен не сұрайды? 姓名,年龄,家乡,身高,体重,爱好。 Тегін, жасын, туған жерін, бойын, салмағын, хоббиін. 这些太简单。 Бұлар тым қарапайым… 递上免冠照,重来。 膀。游牧族的血液让我渴望远方。 Арғымақ пен əн — қазақтың қанаты! Көшпендінің қаны мені биіктерге тамсантты. 歌手的灵魂让我不知疲倦。 Əннің рухы мені шаршатпайды. 唱完第一支歌,你就知道我为什么会站在这里。 Бірінші əнімді айтып болысыммен, сен менің мұнда не үшін тұрғанымды білесің. 我是迪玛希,最终解释权归音乐所有。 Мен — Димаш! Əнді мың құбылтамын! 因乐不凡 Əнде шекара жоқ! Қазақтың әні жасасын! Жуырда 21 қаңтар Hunan TV #IAmSinger

Posted by Алпамыс Малке on Thursday, January 12, 2017

Соңғы жаңалықтар