Димаш Құдайберген қытай журналистеріне қазақ әнін айтып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Димаш Құдайберген қытай журналистеріне қазақ әнін айтып берді

Димаш Құдайберген қытай журналистеріне қазақ әнін айтып берді

«Юаньсяо» шамдар фестивалінің алдында қытайлық журналистерге арналған баспасөз мәслихатында Димаш Құдайберген қазақтың халық әні «Дударайды» орындап берді. «Мен міндетті түрде концерт өткіземін. Ал қазір менің шабытым келіп тұр, ән айтып бергім келеді. Қазақтың халық әні «Дударай»,-деді ол журналистердің жеке концерт өткізіп, қазақ әндерін орындауға қатысты қойған сауалына жауап беріп тұрып.

  • 13 Ақпан 2017
  • 1486
Фото - Caravan.kz

Димашты Қытайда «Сырттан келген кіші бауыр» деп атайды екен, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. Ол «Дударай» әнін қытай тілінде де орындап, жиналғандарды «Юаньсяо» шамдар фестивальінің басталуымен құттықтады.

Айта кетейік, сенбі күні «Юаньсяо» фестивалінің басталуына орай Hunan.TV телеарнасы арқылы өткен мерекелік концертте Димаш «Ой жайлау» әнін орындаған болатын. Концерттен соң Хунань телеарнасының эфиріне «Singer» байқауының 4-ші кезеңінің таспасы көрсетілді. Онда Димаш осы байқауда алғаш рет әнін қытай тілінде орындаған болатын және ол жүлделі 3-ші орынға ие болды.

«Singer» байқауының 5-ші кезеңі Хунань телеарнасынан 18 ақпан күні көрсетіледі. Алайда, қазірдің өзінде Димаштың «Uptown Funk» әнімен 5-ші орынды жеңіп алып ән байқауының келесі кезеңіне өткендігі белгілі болып отыр.


Соңғы жаңалықтар