Жарияланды: 6200

Досхан Жолжақсынов ән айтып, әйелін жылатты

Досхан Жолжақсынов ән айтып, әйелін жылатты Сурет - Caravan.kz коллажы

Бұл видео ғаламторға өткен жылы қазан айында салыныпты. Онда белгілі актер Досхан Жолжақсыновтың жұбайы Қарагөз Сүлейменованың 50 жасқа толған мерейтойында жарына арнап ән айтып жатқаны көрсетілген.

Жолжақсынов Төреғали  Төреәлінің орындауындағы «Найзағай болып» әнін айтқан, деп жазады Caravan.kz.

Видеоның ғаламторға салынғанына үш ай болғанымен, ол енді ғана қалың көпшілікке танымал бола бастаған сияқты. Онда аталған әнді актер орындай бастағанда, Қарагөз Сүлейменова қатты толқып, көзіне жас алады. Кейінірек күйеуімен қосылып билей жөнеледі.

Закрыть