Ерке Есмахан инстаграмда ұсыныс жасағандардың қайсысына тұрмысқа шығарын білмей жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ерке Есмахан инстаграмда ұсыныс жасағандардың қайсысына тұрмысқа шығарын білмей жүр

Ерке Есмахан инстаграмда ұсыныс жасағандардың қайсысына тұрмысқа шығарын білмей жүр

Әнші Ерке Есмахан өзіне ұсыныс жасаған жігіттер мен жасқа қарамайтын махаббат туралы пікір білдірді. 

  • 28 Маусым 2016
  • 1162
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Мұнымен қатар, ол дәл қазір басының бос екенін жеткізді.

Ерке Есмахан экс-сүйіктісі Асхат Садырбаймен ажырасып кеткен болатын. Екеуінің ортақ  төрт жасар ұлдары бар. Әнші отбасылық қиындықтардың барлығы артта қалып, бүгінде өзіне тұрмысқа шығуға ұсыныс жасап жүрген жігіттердің көп екенін айтады. Бірақ Есмахан олардан әбден мезі болған сияқты. Себебі, ұсынысты алдына келіп емес, әлеуметтік желілер арқылы жасайды екен.

“Ақпараттық теxнология мен интернеттің дамып кеткені соншалық, тұрмысқа шығу туралы ұсыныс инстаграмда жасалатын бопты. Соңғы кезде әрбір суретімнің астына әйтеуір бір ұсыныс кеп түседі. Дайрект деген жерде де үйлену туралы ұсыныстар қаншама?! Таңдау көп. Кімге шықсам екен?!

Ұсынысты қойшы, “лүпіл басшы, қайтарам” деген не?! Қарызға ақша сұрағандай жалынып лүпіл сұрайтын инстақолданушылар көп! Лүпіл қандай мәселелеріңізді шешіп жүр?!  “Наташа, я поxудела!”  дегендер ше?!  Оларға қырсығып, керісінше семіргің кеп кетеді. Инстаграм жақсы тілектер, орынды сын-пікірлер алаңына айналса екен”, – дейді әнші.

Мұнымен қатар, бұдан былай тыңдармандарын селфи суреттермен мезі етпеуге уәде берді. Жасқа қарамайтын махаббат туралы пікірімен бөлісті.


“Бос селфи суреттермен мезі еткім келмейді. Әр суретке ұзақ сөздер жазатын болып жүрмін. Әңгіме әйелдердің өзінен ондаған жас кіші жігіттермен бас қосуы туралы болмақ. Ресейлік, батыстық шоу-бизнес өкілдерінің көпшілігі өздерінен ондаған жас кіші жігіттерге тұрмысқа шығады екен.

Маxаббат шынымен жасқа қарамай ма?! Арамызда осындай отбасылар бар шығар?! 1-2 жас емес, 10-20 жас айырмашылығы бар жұптардың отбасылық өмірі қалай екені қызықтырады.  Мұндайға сіздер қалай қарайсыздар?  Жарайды, кім нешеде болса да, бәрі бақытты, үбірлі-шүбірлі болсын! Әр кімнің өз өмірі ғой”, – дейді Ерке Есмахан.

Сөз соңынада бұл мәселенің өзіне ешқандай қатысы жоқ екенін айтып өтті.

Соңғы жаңалықтар