Ерке Есмахан тыңдармандарын жаңа бейнебаянымен қуантты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ерке Есмахан тыңдармандарын жаңа бейнебаянымен қуантты

Ерке Есмахан тыңдармандарын жаңа бейнебаянымен қуантты

Ерке Есмахан тыңдармандары асыға күткен “Әйелдің бақыты – отбасы” атты әнге түсірілген бейнебаянының тұсауын кесті.

  • 31 Қазан 2016
  • 1487
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жұрт Ерке Есмахан мен тележүргізуші Асхат Садырбайдың ара-қатынасы туралы жақсы біледі. Себебі, әншінің өзі отандық бағдарламада көңілдері жараспағанын, Садырбайдың өзіне қол жұмсағанын айтып берген болатын. Артынша Еркенің бұл сөздерін бұрынғы енесі жоққа шығарды. Десе де, әнші әйелдің бақыты – отбасы екенін жасырмайды. Ол, тіпті, осы тақырыпқа арнап бейнебаян түсірген екен. Әннің сөзін айтыскер ақын Қайнар Алагөзов жазған.


Әнші бейнебаянының тұсауын ұлттық арнада кесті. Аталған бағдарламада ана болу тақырыбына қатысты ойын да бөлісті. Ұлы Мүслім нағашыларының қолында болса да, оны ара-тұра қасына алдырып, бірге саяхаттайды. Мұнымен қатар, желі қолданушылары Еркенің сүйіктісі бар деп болжауда. Әзірге бұл қауесеттің қаншалықты рас екені белгісіз.

Соңғы жаңалықтар