Евгений Плющенко Астанада мұздағы шоу-ертегі көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Евгений Плющенко Астанада мұздағы шоу-ертегі көрсетті

Евгений Плющенко Астанада мұздағы шоу-ертегі көрсетті

Танымал мәнерлеп сырғанаушы, екі дүркін олимпиада чемпионы  Евгений Плющенко Қала күні мерекесін тойлауда «Жаңғақ шаққыш және тышқан патшасы» мұз айдынында шоу ертегісін көпшілік назарына ұсынды, деп хабарланды қалалық әкімдіктің медиа орталығынан.

  • 7 Шiлде 2017
  • 1840
Фото - Caravan.kz

Шоу Петр Чайковскийдің музыкасына жазылған неміс жазушысы-романтик Эрнст Гофманның «Жаңғақ шаққыш және тышқан патшасы» ертегісінің желісі бойынша қойылған.

«Мен Астана қаласын, осында тұратын адамдарды қатты жақсы көремін. Бәрі сондай- әдемі, жарқ-жұрт етіп тұр, жолдарыңыз  сапалы, салынып жатқан ғимараттардың сәулеті ерекше. Мен бұл шаһарға алғашқы рет екі жыл бұрын келген едім. Сол кезде ақ түйгенім, Астана шағын Дубай екен. Қалада ғимараттар көптеп салынуда. Сіздерде барлығы бар. Қала дамуда, мемлекет дамуда. Сіздердің елдеріңізбен  достық қарым-қатынаста болғаныма ризамын, бұл қуантарлық жағдай», — деді Е. Плющенко баспасөз-конференциясында.

Плющенконың сөзіне қарағанда, Астанада мұз айдында өнер көрсету үшін, шараны ұйымдастыру үшін тура бір жыл кеткен. Қойылымды көрсету үшін ең мықты мамандар тартылған. 


«Қызықты бағдарлама жасағым келді, көрермендердің сөзіне, ыстық ықыласына қарағанда ойым жүзеге асқан сияқты. Біз Астана қаласында 15 шілдеге дейін боламыз. Күнде жұмыс істейміз. Кеше тамаша тұсау кесер өтті, бәріне ұнады деп үміттенемін. Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарына, жалпы көрермендерге ыстық ықыласпен қарсы алғандары үшін өзімнің алғысымды білдіргім келеді», — деді Е. Плющенко. 

Соңғы жаңалықтар