Жарияланды: 1700

Фарида Жолдасова мен Иса Әлимұсаевтың бейнебаяны хитке айналды

Фарида Жолдасова мен Иса Әлимұсаевтың бейнебаяны хитке айналды

Ұлықпан Жолдасовтың қызы Фарида Жолдасова бейнебаянға түсіп, ел алдына шықты.

Ол бұл жолы енді танылып келе жатқан жас әнші Иса Әлимұсаевпен бірге «Диалог» атты әнімен көрінді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Иса Әлимұсаев алғаш рет «Қазақстан дауысы» ән-жобасы арқылы көпшілікке танылған болатын. Одан бері бірнеше жобаға қатысып, бейнебаяндар түсіріп үлгерді.

Ал Фарида Жолдасованы көпшілік кішкентай кезінен біледі. Бірақ, біраз уақыт өнерден алыстап кеткен болатын.

Желідегі қос әншінің өнерін ел жоғары бағалауда. Дегенмен, кейбір оқырмандар Фариданың сөздері түсініксіз деген пікір қалдыруда.

Пікір қалдырыңыз

[X]