Жарияланды: 610

Мәскеуде Қазақстанның ұлттық көрмесі ашылды

Мәскеудегі Бүкілресейлік көрме орталығында Қазақстанның ұлттық көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Ресей астанасынан.

Көрменің ашылуында сөз сөйлеген ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов "бұл қадамдардың барлығы Ресей және Қазақстан халықтарының достығын нығайтуға бағытталады",- деп атап көрсетті. Үкімет басшысы "қазақ халқы мәдениетінің арқау-негізін танып білуге деген құлшынысы үшін" ресейліктерге ризашылық білдірді. Көрмеге еліміздің әр өңірінен жиналған әртүрлі 200 компания қатысуда. Көрме аясында еліміздің барлық облыстарының тұсаукесерін өткізу межеленген. Көрме 17-тамызға дейін жалғасады. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін, 15-тамызда Д.Ахметов Ресейдің үкімет басшысы Михаил Касьяновпен жүздеседі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть