Мені кәсіпқой дей ме, әуесқой дей ме, онда жұмысым жоқ... Мен тек ән жазамын – Айгүл Бажанова - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мені кәсіпқой дей ме, әуесқой дей ме, онда жұмысым жоқ... Мен тек ән жазамын – Айгүл Бажанова

Мені кәсіпқой дей ме, әуесқой дей ме, онда жұмысым жоқ... Мен тек ән жазамын – Айгүл Бажанова

Келесі айда Алматыда қазақ өнерінің ең жарқын жұлдыздары қатысатын керемет концерт өткелі жатыр. Бұл – өзінен бұрын әсем әндері танылған сазгер Айгүл Бажанованың шығармашылық кеші.

  • 15 Наурыз 2017
  • 1561
Фото - Caravan.kz

Онда әйгілі Нұрғали Нүсіпжанов, Бағдат Сәмединова, Айгүл Иманбаева, «Мұзарт» және Роза Әлқожадан бастап жап-жаңа жұлдыз, «Болайық бірге» әнін орындаушылардың бірі Қуандық Рахымға дейін көптеген әншілер өнер көрсетеді. 5 сәуірде өтетін осы концерттің қарсаңында Caravan.kz медиа-порталының тілшісі кеш иесі Айгүл Бажановадан шағын сұхбат алған еді.

— Сәуірде өткелі жатқан шығармашылық кеш құтты болсын! Бұл бірінші жеке концертің бе?

— Рақмет! Иә, бірінші.

— Ән қалай туады? Көңіл-күйден бе әлде ноталарды құрастырудан ба?

— Ән көңіл-күй, эмоция, сезімдердің дөп келуінен туады. Бірақ бір сөзбен айтуға тағы болмайды. Ұстап алып, суреттеп беретін нәрсе емес қой.

— Ән сөзіне деген талғамыңның жоғары екені байқалады. Өзіңе қай ақын жақын?

— Мықты ақындар баршылық қой, шүкір. Бірақ әннің сөзін жазу жағынан әккі боп алғандар бар. Өлең де әр уақытта әрқалай әсер етеді, әр ақынның оқылатын мерзімі бар сияқты. Бөліп айта алмаймын. Менде, мысалы, Қалқаман Саринның өлеңдеріне ән жиі туады.

— Сәкен Майғазиев орындайтын «Асыл ана» атты керемет әніңе сөзді өзің жазыпсың. Және қандай сөздер! Мұндай өлең тек шынайы махаббаттан ғана шыға алса керек. Тағы қандай әндеріңе өзің сөз жаздың?

— Концертте орындалатын әндердің 80%-нан астамының өлеңін өзім жазғанмын. Әннің не айтқысы келетінін ақындардан өтінгенмен олар дөп басып таба алмайтын болған соң шығар, көбіне өзім жазамын.


— Нағыз сазгерде алдымен ән туады дегенді баяғыда естіп едім. Бірақ алдымен сөзі шыққан шығармалар әсерлі болып жатады. Сен де әлеуметтік желіде бір өлеңге ән шығарғаныңды жазып отырасың. Ал енді осы мәселеге қатысты өз ойың қандай?

— Менде өлең оқып отырып, соған ән шығатын кездер жиі болады. Роза Әлқожаның, Бауыржан Бабажанұлының, Жарас Сәрсектің, Қалқаман Саринның, Айжан Тәбаракқызының, Ерлан Жүністің, Бақытгүл Бабаштың, Толқын Қабылшаның, Әлібек Шегебайдың өлеңдеріне ән солай шыққан.

Ал бірінші ән шығаратындар дегенде, композиция жазатын сазгерлерді айтып отырған шығарсың. Иә, мойындаймын, олардың музыкалық мүмкіншілігі кеңірек, ауқымды. Білгенімнен білмегенім көп қой. Басқа ешнәрсе айта алмаймын.

— Сазгерді кәсіпқой және әуесқой деп бөлген дұрыс па? Ән шығарған соң, оның кәсіби білімі бар ма, жоқ па, бәрібір емес пе?

— Оны білмедім. Мені кәсіпқой дей ме, әуесқой дей ме, онда жұмысым жоқ, шынын айтсам. Бірақ әуесқойлықтан кетіп қалдық-ау деп ойлаймын. Мен тек ән жазамын…

Соңғы жаңалықтар