Мүшел дегеніміз не? Мүшел жас туралы толық ақпарат - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мүшел дегеніміз не? Мүшел жас туралы толық ақпарат

Мүшел дегеніміз не? Мүшел жас туралы толық ақпарат

Қазақша жыл санау Халықтық жыл санау есебінде 12 жыл аты бар болса, олар туралы деректер VIII ғасырдағы "Күлтегін” ескерткіштері мен ХІ ғасырда өмір сүрген Махмұт Қашқаридың еңбектерінде кездеседі. Қазақша жыл санау мен жыл қайыру кестесі бойынша жылдар бірінен соң бірі былай аталады: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз. Жыл басы қазақтарда тышқаннан және Наурыз айының 22-сінен басталып, ол он екі жыл бір айналғанда мүшел жасты құрайды. Алайда, адамның алғашқы мүшелі - 13 жас. 

  • 18 Сәуiр 2018
  • 102074
Фото - Caravan.kz

Мүшел жас — қазақ халқының адам жасын есептеу үлгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында баланың 13 жасқа толуы алғашқы Мүшелі делінеді, одан кейінгі Мүшел жасы әр 12 жыл қайталанған сайын есептеліп отырады. Ол 25-ке толғанда екі Мүшел, 37-ге толғанда үш Мүшел, 49-ға келгенде төрт Мүшел, 61-ге келгенде бес Мүшел деп есептеледі. Халықтың адам өмірін кезеңдерге бөлуіне байланысты қалыптасқан шартты түрдегі бөліністері мен Мүшел санау үрдістері қоғам мүшесінің әлеуметтену жағдайын, яки қоғамдағы орны мен мәртебесін белгілеуді білдірді. Бірақ бір Мүшел жастағы ерекшеліктен келесі Мүшел жасқа өтуді әлеуметтік құбылыс деп тануға негіз жоқ. Өйткені ол адамның биологиялық қасиеттеріне де тән құбылыс болғандықтан, әр Мүшел ішінде адамның өзіне тән қасиеттері мен болмысы қалыптасады. Мысалы, 1-мүшел балиғатқа толуға байланысты болса, 2-мүшел ат жалын тартып мінген жастың есейген шағы, 3-мүшел ақыл-парасаттың толысу шағы деген адамның физиологиялық-психологиялық жетілулерін меңзейді. Мүшелдер арнайы ғұрыптар арқылы аталып өтілген. Олар: жарты Мүшелге келген ұл баланы сүндетке отырғызып, “атқа мінгізу” мен қыз баланың құлағын тесіп, “сырға тағу”, алғашқы Мүшелінде балиғатқа толуына байланысты “он үште отау иесі” болу, тағы басқа. Мүшелден мүшелге өту аралығындағы жаста адамға қауіп-қатер жуық болады деп есептеліп, тән мен жанның өзгеріске ұшырайтын тоқырау кезі, белесі деп саналды.[1][2]Мүшел жас (9 ай анасының құрсағында нәрестенің жатқаны 1 жыл болып есептеледі, одан кейін 12 жастан қосылып отырады)

1 – мүшел – 13 жас (ер жете бастау). 13 кіреді — 14 шығады


2 — мүшел — 25 жас (жігіттік шақ). 25 кіреді — 26 шығады

3 – мүшел – 37 жас (ақыл тоқтату). 37 кіреді — 38 шығады

4 – мүшел – 49 жас (орта жас). 49 кіреді — 50 шығады

5 – мүшел – 61 жас (орта жас). 61 кіреді — 62 шығады

6 – мүшел — 73 жас (қарттық). 73 кіреді — 74 шығады

7 – мүшел – 85 жас (кәрілік). 85 кіреді — 86 шығады

8 – мүшел – 97 жас (қалжырау). 97 кіреді — 98 шығады

9 – мүшел — 109 жас (шөпшек сүю). 109 кіреді — 110 шығады

10 – мүшел – 121 жас (немене сүю). 121 кіреді — 122 шығады

Құттықтау-тілектер:

Он үште отау иесі,

Бірінші мүшел – балалық,

Екінші мүшел – жиырма бес,

Майданға кірер қол алып.

Отыз жеті – үшінші,

Енетін кезі сана нық.

Қырық тоғыз – төртінші,

Білінер бойдан даралық,

Бесінші мүшел – алпыс бір,

Өсиет айтар даналық,

Алтыншы мүшел – жетпіс үш,

Жастығың келмес оралып,

Жетінші мүшел – сексен бес,

Денсаулық қалар тоналып,

Бұдан соң келген мүшелдер

Жатпайды тіпті саналып.

***

Құтты болсын мерей той, 50 жасың
Әр уақытта домалап өрге тасың,
Қосағыңмен қоса ағарып, шөбере сүй,
Ешқашанда көңіліңді кір шалмасын.

***

  Ұлы халқым есептескен текпенен,

Ата салтын ешкім аттап кетпеген

Мың пәледен құтқарады бір бата –

Адам болмас  бата алып өспеген.

Ұқсас тақырыптар:

Туған күнге арналған құттықтау тілектер

Соңғы жаңалықтар