Жарияланды: 600

“Ninety one” түскен телехикаяның көрерменге қашан жол тартатыны белгілі болды

“Ninety one” түскен телехикаяның көрерменге қашан жол тартатыны белгілі болды

Иглз, сіздер «Қағаз кеме» телехикаясының тұсау кесерін тағатсыздана, күн санап күтіп жүрген боларсыздар. «Найти уандық» мемберлер ресми түрде, премьераның қашан болатынын мәлімдеді.

Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

Үлкен жұмыс артта қалды. «Қағаз кеме» телехикаясы көрерменге жол тартуға дайын. «Найнти уандық» мемберлер, туындының дәл ойдағыдай шығуы үшін, ұйқыдан да бас тартуға мәжбүр болған.

«Кейбір кездер болды, біз екі сағаттан, үш сағаттан ұйықтайтын. Кейбір кездер болды, мүлде ұйықтамай, мысалы сериалдың дәл қазір түсірілімі болып жатса, ол таңға дейін болуы мүмкін, түннің бір уағына дейін болуы мүмкін. Ал таңертең басқа шаруамен, басқа жұмыстармен, басқа жерге кету керек болатын. Сол өте қиын, бірақ қызықты», – дейді 91 тобы.

Алайда, «Найнти уандықтар» иглздар игілігі үшін ештеңеге қарамастан аянбай еңбек етуге әрқашан әзір.

«Біздің ойымызша шығармашылықпен солай айналысқан дұрыс деп ойлаймын. Себебі қазіргі кезде, қазіргі уақыт бар кезде уақытты толығымен пайдаланып алған дұрыс», – дейді топ рэпері Zaq.

Кью-поперлердің өздері де, телехикаяны асыға күтіп жүргенін жасырмады.

«Не күтерімізді негізі білмейміз.  Қалай ол көрінеді ол сырттан. Себебі, біз сырттан қарап көрген жоқпыз. Тек ішінде болдық қой оның. НТК-дан бірге тамашалаймыз деп үміттенеміз.Осы жақын арада басталады бәрі», – дейді «Ninety One” тобы.

Иглздар, қапы қалмаңыздар! «Қағаз кеме» телехикасының алғашқы бөлімі 30 қазан күні көрерменге жол тартады.

Пікір қалдырыңыз

[X]