Облыс әкімінің орынбасары күй тартып, көпшілікті сүйсінтті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Облыс әкімінің орынбасары күй тартып, көпшілікті сүйсінтті

Облыс әкімінің орынбасары күй тартып, көпшілікті сүйсінтті

Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар Жамбыл ауданының Жамбыл ауылындағы өнер мектебіне барғанда, сондағы домбыра үйірмесінде күй тартқан. Ол Әбдімомын Желдібаевтың "Ерке сылқымын" жап-жақсы орындап берді.

  • 28 Ақпан 2017
  • 1537
Фото - Caravan.kz

Әкім орынбасарының күй тартып тұрған видеосын облыстық "Жетісу" газетінің журналисі Мәулен Әнербаев өзінің Фейсбуктегі парақшасына жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі. 

36 жастағы Жақсылық Омар Алматы облысы әкімінің орынбасары болып былтыр қараша айында тағайындалды.

2001 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған.

2001-2004 жылдары Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде, 2004-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінде, 2007-2009 жылдары «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ-ында, 2009 жылы «Арна медиа» Ұлттық ақпараттық холдингі» АҚ-ында қызмет атқарған.

2009-2010 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі. 2010-2011 жылдары Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары, бастығы.

2011-2013 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының бастығы.


2013 жылғы 27 мамырда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық ОМАРДЫҢ орындауында "Ерке сылқым" күйі! Жамбыл ауылдық өнер мектебіндегі домбыра үйірмесі. #алматыоблысы #домбыра #жамбылауданы

Posted by Мәулен Әнербай on 27hb Februari 2017

Соңғы жаңалықтар