Жарияланды: 1300

Оралда Сырым Датұлына ескерткіш орнатылды

Оралда халық көтерілісінің жетекшісі , батыр Сырым Датұлына арналған ескерткіш ашылды.

Ескерткіштің ашылу салтанатында сөз сөйлеген сенат төрағасы Оралбай Әбдікәрімов халықты басқыншылыққа қарсы күреске бастаған батырдың құрметіне ескерткіш орнату тарихи оқиға екенін ерекше атады. "Бұл төл тарихымызға басқаша қырынан, өзгеше көзқараспен қарауға жол ашқан тәуелсіздіктің берген сыйы",- деді О.Әбдікәрімов. Ескерткіштің жобасын алматылық мүсінші Нұрлан Долбаев жасап, оны тұрғызуға 60 миллион теңге жұмсалған. Ескерткіш Орал қаласының орталық алаңынан орын тепті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть