Парсы жазбаларында Орталық Азия тарихына қатысты жәдігерлер көп- елші Горбан Сейфи - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парсы жазбаларында Орталық Азия тарихына қатысты жәдігерлер көп- елші Горбан Сейфи

Парсы жазбаларында Орталық Азия тарихына қатысты жәдігерлер көп- елші Горбан Сейфи

Парсы жазбаларын зерттеуге жіті көңіл бөлінуі тиіс, өйткені онда Орталық Азия тарихына қатысты жәдігерлер көп. Бұл туралы бүгін Алматыда басталған «Мәуреннахрдағы Иран мәдениеті мен өркениеті» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшісі Горбан Сейфи айтты.

  • 2 Маусым 2011
  • 875
Фото - Caravan.kz

«Түркі, Парсы халықтары мәдениетінің ортақ тұстары көп. Екеуі де әлемдегі ең көне, бүгінге дейін әлем мәдениетінің көшбасында тұрған Шығыс мәдениетінің негізін салушы. Ұзақ уақыт бір тіл мен діннің ықпалында болды. Мәселен, Орталық Азия мен Шығыстағы мемлекеттердің көне тарихында парсы тілінің бұл аймақтағы біріктіруші күш болғанын байқауға болады. Бұған шығыстағы небір әдеби жауһарлардың парсы тілінде жазылғаны, Орталық Азиядағы ғұламалардың парсы тілінен сусындағаны дәлел. Сан ғасырлар бойы бұл аймақта зоорастризм діні, одан кейін келген ислам діні тағы да біріктіруші күш бола білді, әлі де жалғасып келеді. Демек біздің мәдениетіміз, дініміз, тарихымызда ортақшылық көп. Алайда, өкінішке орай бұл ортақ дүниелердің барлығы ұмытылып барады. Алдағы уақытта осы ортақ дүниелерді зерттеу ғылыми көзқарас тұрғысынан қажет. Ашылған дәлелдер бізді жақындастыруға, достығымызды нығайтуға ықпал етеді. Орталық Азия мен Шығыс елдері ғалымдарының басын қосып, өткен тарихымыздағы ортақ жәдігерлерді жұртшылық назарына ұсынуымыз қажет»,- деді елші.

Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры Меруерт Әбусейітованың айтуынша, елші сөзінің жаны бар. Қазақ тарихына қатысты ортақ дүниелер парсы әдеби шығармаларында молынан кездеседі. «Біз «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында парсы жазбалары негізінде қазақ тарихына қатысты 5 томдық кітап шығардық. Одан бөлек жақында «Қазақ тарихы шығыс миниатураларында» атты кітап жарық көрді. Бұндағы деректің негізі парсы жазбаларынан алынды. Негізі парсы жазбаларының әлі де берері мол. Сондықтан жіті зерттелуі қажет»,- деді М.Әбусейітова.

Соңғы жаңалықтар