Павлодардағы қазақ ұлт аспаптар оркестріне Рүстембек Омаровтың есімі берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодардағы қазақ ұлт аспаптар оркестріне Рүстембек Омаровтың есімі берілді

Павлодардағы қазақ ұлт аспаптар оркестріне Рүстембек Омаровтың есімі берілді

Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында И.Байзақов атындағы облыстық филармония жанындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің 10 жылдығына арналған "Жастық шақ" атты мерекелік концерті өтті.

  • 10 Сәуiр 2017
  • 516
Фото - Caravan.kz

Шара барысында облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев қазақ ұлт аспаптар оркестріне белгілі күйші Рүстембек Омаровтың есімі берілгенін растайтын сертификатты оркестрдің дирижеры Талғат Кәрімовке табыс етті, деп xабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.  Сонымен қатар өнер ұжымының бірқатар мүшесі облыс әкімі мен қала әкімінің және облыстық мәслихат пен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Алғыс xатымен марапатталды.   

— Оркестр 2007 жылы сол кездегі қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Секербек Жабықбаевтың бастамасымен құрылды. 2012 жылдан бастап облыстық филармонияның қарамағына енді. 10 жыл ішінде бірнеше рет концерт беріп, көптеген байқауларға қатысты. Былтыр Ақтөбе қаласында өткен "Жұбанов көктемі — 2016" xалықаралық байқаудан бірінші орын алып келді. Қазақстандағы ең жас оркестрдің құрамында қазіргі таңда 40-тай өнерпаз жұмыс істейді, — дейді И.Байзақов атындағы облыстық филармонияның музыка бөлімінің меңгерушісі Сәуле Мұқаева.

Ұлт аспаптар оркестрінің мерейтойлық концертіне Астана қаласындағы Ғазиза Жұбанова атындағы мемлекеттік ішекті аыпаптар квартеті, "Дәуір" этно-фольклорлық ансамблі және халықаралық конкурстардың лауреаты Әйкерім Аманжолова, Ажар Төлеу, Нұржан Сарқамбаев, Олеся Скорикова, Олжас Нұрланов сынды жеке әншілер қатысты.


Соңғы жаңалықтар