Жарияланды: 640

Павлодардың көркемсурет мұражайында Хасен Абаевтың жеке көрмесі ашылады

20-маусымда Павлодардың көркемсурет мұражайында Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Халықаралық көркемсурет қорының президенті Хасен Абаевтың жеке көрмесі ашылады . Бұл туралы KZ-today тілшісіне Павлодар көркемсурет мұражайының өкілдері хабарлады.

Көрмеге қылқалам шеберінің қолынан шыққан , көркемсурет өнерінің кескіндеме және кітап графикасы бағыттарындағы 120-дан астам туындысы қойылады. Автордың көрмеге арнап таңдап алған туындылары арасында оның 30-жылдық шығармашылық жолынан сыр шертетін туындылар бар. "Павлодар облысының тумасы , осында белгілі әдебиетші Сұлтанмахмұт Торайғыровқа ескерткіш орнатуға атсалысқандардың бірі - Хасен Абаевтың жеке шығармашылық көрмесі облысымыздың биыл атап өтілетін 65-жылдық мерейтойына арналады",- дейді Павлодар көркемсурет мұражайының өкілдері. Сонымен бірге облыс мерейтойына бұдан басқа да екі оқиға арналып отыр. 20-маусымда Павлодарда Қазақстан қылқалам шеберлерінің пленер кездесуі (ашық аспан аясында сурет салу) мен Қазақстан мүсіншілерінің симпозиумы өтеді деп межеленген. Бұл шаралар шілденің 20-сына дейін жалғасады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть