Павлодардың көркемсурет мұражайында Хасен Абаевтың жеке көрмесі ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодардың көркемсурет мұражайында Хасен Абаевтың жеке көрмесі ашылады

Павлодардың көркемсурет мұражайында Хасен Абаевтың жеке көрмесі ашылады

20-маусымда Павлодардың көркемсурет мұражайында Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Халықаралық көркемсурет қорының президенті Хасен Абаевтың жеке көрмесі ашылады . Бұл туралы KZ-today тілшісіне Павлодар көркемсурет мұражайының өкілдері хабарлады.

  • 18 Маусым 2003
  • 631
Фото - Caravan.kz

Көрмеге қылқалам шеберінің қолынан шыққан , көркемсурет өнерінің кескіндеме және кітап графикасы бағыттарындағы 120-дан астам туындысы қойылады. Автордың көрмеге арнап таңдап алған туындылары арасында оның 30-жылдық шығармашылық жолынан сыр шертетін туындылар бар.

«Павлодар облысының тумасы , осында белгілі әдебиетші Сұлтанмахмұт Торайғыровқа ескерткіш орнатуға атсалысқандардың бірі — Хасен Абаевтың жеке шығармашылық көрмесі облысымыздың биыл атап өтілетін 65-жылдық мерейтойына арналады»,- дейді Павлодар көркемсурет мұражайының өкілдері.
Сонымен бірге облыс мерейтойына бұдан басқа да екі оқиға арналып отыр. 20-маусымда Павлодарда Қазақстан қылқалам шеберлерінің пленер кездесуі (ашық аспан аясында сурет салу) мен Қазақстан мүсіншілерінің симпозиумы өтеді деп межеленген. Бұл шаралар шілденің 20-сына дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар