Жарияланды: 3000

"Қалаулым" бағдарламасының жүргізушісі ауысты

"Қалаулым" бағдарламасының жүргізушісі ауысты

"Қалаулым" бағдарламасының жүргізушісі Аша Матай күйеуі Арманмен қысқы демалысқа Мысыр еліне кеткен болатын. Аша шетелде жүргенімен, атышулы бағдарлама көрсетілімін жалғастырып жатыр.

Бұл туралы Caravan.kz хабарлайды.

Бұл ретте Ашаның эфирдегі орнын әнші Зарина Омарова басқан. Алайда тележүргізушілікке бет бұрған Заринаның бұл әрекеті көпшілікке ұнамай қалған көрінеді. Сынаушыларға Заринаның берер жауабы дайын.

"Қалаулым" алаңынан ешқандай сурет салмасам да, пікірлеріңізді жеткізуге тырысып жатқандарыңызды байқадым. 
Тікелей эфир түгілі, мерекелік концерттердің тізгінін ұстап көрмеген маған, осындай тосынсый жасаған ұйымдастырушылардың сенімін ақтай алар ма екенмін деп, өзім де уайымдағанымды жасырмаймын. Сіздер бәрін сезетін, көздеріңіз ашық жандар болғаннан кейін, байқамауларыңыз мүмкін емес әрине. Сын айтқан жандарға да, түсініп, демеу білдірген жандарға да алғысым шексіз. Сын түзелмей, мін түзелмейді. Және сын адамды жігерлендіреді. Сондықтан жақсы болсын, жаман болсын әрқайсыларыңыздың жазған пікірлеріңіз, маған болашаққа қамшы. 
Сүйікті бағдарламаларыңызды, сіздер ойлағандай жеткізе алмасам айып етпеңіздер. Оның үстіне күнде көріп жүрген болсамда,әкемнің эфирге шалған қоңырауы күтпеген жағдай болғаннан соң ба, қобалжып қалдым☺️Қысқасы бәрі артта қалды. Сіздердің әлі де айтарларыңыз бар екенін сезіп, түсірілім алаңынан сурет жүктеуді жөн көрдім... 

Закрыть