Қарағандыда жаңа компьютерлік анимациялық тәсілмен отандық тұңғыш қуыршақ сериал түсірілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда жаңа компьютерлік анимациялық тәсілмен отандық тұңғыш қуыршақ сериал түсірілуде

Қарағандыда жаңа компьютерлік анимациялық тәсілмен отандық тұңғыш қуыршақ сериал түсірілуде

Қарағандыда жаңа компьютерлік анимациялық тәсілмен отандық тұңғыш қуыршақ сериал түсірілуде. Қарағандылық жас суретші қыз Ляка Шайкенова бұл идеяны өзі ойлап тауып, өз қолымен жүзеге асыруда,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 22 Тамыз 2003
  • 644
Фото - Caravan.kz

Көп сериялы қуыршақ фильм түсіруге арқау болатын оқиға туралы идеяны суретші қызға «ЭКОмұражай» атты қоғамдық ұйымның қызметкерлері ұсынған көрінеді. Қуыршақ фильмнің оқиға желісін жазуға техникалық қолдау көрсетіп отырған да солар екен. Қуыршақ сериалдың басты кейіпкерлері жер еркесі сарышұнақ пен оның қарсыласы- бейтаныс планеталық Zoo.

Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасқа, жалпы экологиялық проблемаларға құрылған оқиға желісіне сарышұнақ пен Zooның басынан кешкен шытырман оқиғалары арқау болады.
Ляканың айтуынша, қазір қуыршақ фильмнің бірінші сериясы дайын болған. «Алдымызда талай қиындықтар күтіп тұрғанымен, жұмыстың алғашқы көпірі салынды. Жобаны біз өз күшімізбен жүзеге асырып жатырмыз. Мейірбандық идеяға құрылған бастаманы бізбен көзқарасы ортақ энтузиастар қолдайды деп сенемін»,- дейді суретші.
Қарағандылық музыкант әрі сазгер Дмитрий Севостьянов осынау бірегей жобаға музыканы тегін жазып беріп қолдау көрсетпек.
Автордың пайымдауынша, сериал 40 сериядан тұрады.

Соңғы жаңалықтар