Қаратөбеліктер Оралдағы балалар ауылында қайырымдылық шарасын ұйымдастырды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаратөбеліктер Оралдағы балалар ауылында қайырымдылық шарасын ұйымдастырды

Қаратөбеліктер Оралдағы балалар ауылында қайырымдылық шарасын ұйымдастырды

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қаратөбе ауданы әкімдігі кеше, 30 мамырда Оралдағы отбасылық үлгідегі балалар ауылында «Балаларға қуаныш сыйлайық» атты қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

  • 31 Мамыр 2011
  • 578
Фото - Caravan.kz

Аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин мекемеге теледидар, осында тәрбиеленіп жатқан қаратөбеліктер Марина Аманғалиева, Ақтілек пен Гүлжан Шыныбаеваларға ұялы телефондар тарту етті.

Ауданның көркемөнерпаздары концерт қойып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мекеме директоры Ғалия Сенғалиева қаратөбеліктерге ризашылығын білдірді.

Қазіргі таңда аталмыш мекемеге қарасты 11 коттеджде 120 бала тәрбиеленуде. Мұндай қайырымдылық шаралар жыл сайын жалғасын тауып келеді.

Соңғы жаңалықтар