Қазақ тіліне аударылған тағы бір голливудтық фильм кинотеатрларда көрсетіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ тіліне аударылған тағы бір голливудтық фильм кинотеатрларда көрсетіледі

Қазақ тіліне аударылған тағы бір голливудтық фильм кинотеатрларда көрсетіледі

"Галактика сақшылары. 2-ші бөлім" 2011 жылдан бері қазақ тіліне дубляждалған 19-шы фильм

Астанада MARVEL киностудиясының "Галактика сақшылары. 2 бөлім" блокбастерінің қазақ тіліндегі алдын ала көрсетілімі өтті. "Галактика сақшылары. 2-ші бөлім" — "Болашақ" корпоративтік қоры қазақ тіліне дубляж жасаған биылғы жылдағы 2-ші және 2011 жылдан бері аударылып келе жатқан 19-шы фильм. Қазақ дубляжының режиссері — театр, кино актері Шах-Мұрат Ордабаев. Бұл фильм оның мансабындағы алғашқы режиссерлік тәжірибе болды, ал жалпы жоба аясындағы 6-шы жұмысы екен. Бұдан бұрын Шах–Мұрат дубляж актері және режиссер көмекшісі ретінде танылған болатын. "Мен әрқашан осы жобаның бір бөлшегі болуға тырыстым. Жалпы қазақ телеарналарындағы дубляждық жұмыстар мүлде қанағаттандырмайтын және бұл ретте осы мәселенің алдын алып, әлемдік стандарттарға сай болуына үлесімді қосқым келді. Осы жобаның арқасында мен өзімнің сүйікті ісіммен айналыстым. MARVEL әлемі мені бұрын да қызықтыратын, мен оның кейіпкерлерін танимын, сюжеттерін білемін, сондықтан бұл фильммен жұмыс істеу менің жаныма жақын болып шықты" — дейді Шах-Мұрат Ордабаев.

  • 4 Мамыр 2017
  • 1009
Фото - Caravan.kz


Режиссер атап өткендей, экранда болып жатқан оқиғалардың маңыздылығымен қатар, сапалы аударманың нәтижесінде фильм өте көңілді және қызықты болып қалады. "Дубляждау процесі оңай болған жоқ, әдепсіз лексика, жаргондар бар, оларды фильмде менталитетіміздің ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ тіліне бейімдеу керек болды. Біздің көрерменіміз түсініп, әзілдің мәні кетіп қалмайтындай аудару қажет еді. Бізге бірдей қорқынышты да, көңілді де болды. Шығармашылық топ осы міндетті атқарды және көрерменіміз фильмді жылы қабылдайды деп үміттенемін" — дейді режиссер.

Бас кейіпкерлерді дыбыстағандар — Тимур Пиязов (Питер Квилл), Гүлназ Әуесбаева (Гамора), Руслан Сенкебаев (Дракс), Бауыржан Қаптағай (Грут сәбиі), Ержан Жарылқасынов (Рокет) Барлығы дубляжға 35-тен астам актер қатысты. Фильмдегі кейіпкерлерге өз дауысын Бақытжан Жармұхамбетов (Йонду), Сауле Тұрдахунова (Небула), Боранбай Молдабаев (Стакар), Айнұр Бермұхамбетова (Аиша), Азамат Қанапия (Таллик), Шехназа Қызыханова (Мередит Квилл) және басқалар сыйлады. Мәтінді аударған – Диана Сабазова, келістіруші – Гүлжан Сауртаева. "Галактика сақшылары. 2 бөлім" фильмі еліміздің 4 мамырдан бастап кинотеатрларында көрсетіледі.

 

Соңғы жаңалықтар