Қазақстанда Жапониядағы табиғат апатынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қаржы жинау жалғасып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда Жапониядағы табиғат апатынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қаржы жинау жалғасып жатыр

Қазақстанда Жапониядағы табиғат апатынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қаржы жинау жалғасып жатыр

Маусымның 5-і күні Астанада Жапониядағы жойқын зілзаладан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында қайырымдылық концерті өтеді.

  • 1 Маусым 2011
  • 397
Фото - Caravan.kz

Концертке «МұзАРТ», «Бәйтерек», «Дабыл» сынды топтар, Қыдырәлі Болманов, Қарақат, Маржан Арапбаева және т.б. өнер жұлдыздары қатысады, деп сәрсенбі күні Алматыда өткен баспасөз мәслихатында «JTI Kazakhstan» ЖШС бас директоры Ситсас Тассос хабарлады.

«Жапонияға көмектес» деп аталатын комитет төрағасы саналатын С.Тассостың айтуынша, шара Мәдениет министрлігі, Астана әкімдігі, «Болашақ» қауымдастығы мен «Нұр Медиа» холдингінің қолдауымен өткізілгелі отыр.
Ол осындай бірнеше шара өткізуге үміттенетінін жасырған жоқ.
«Жапонияға көмектес» комитетінің іс-шаралары енді ғана басталды. Сондықтан әзірге біз тек 2,5 миллион теңгеге жуық қаржы жинадық», — деді С.Тассос.
Астанадағы Жапон елшілігі мен осы елдің Алматыдағы консулдығында қайырымдылық урналары орнатылады.
Комитет қайырымдылықтан түскен қаржыны Жапонияның Қызыл крест қоғамына жөнелтпек.

Соңғы жаңалықтар