ҚР Мемлекеттік орталық мұражайында "Қазақстан аумағындағы ежелгі мемлекеттік бірлестіктер" атты көрме өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Мемлекеттік орталық мұражайында "Қазақстан аумағындағы ежелгі мемлекеттік бірлестіктер" атты көрме өтеді

ҚР Мемлекеттік орталық мұражайында "Қазақстан аумағындағы ежелгі мемлекеттік бірлестіктер" атты көрме өтеді

Бүгін, 8-тамызда ҚР Мемлекеттік орталық мұражайында "Қазақстан аумағындағы ежелгі мемлекеттік бірлестіктер" атты көрменің ашылу рәсімі өтеді. Ол біздің жыл санауымызға дейінгі IY ғасырдан , біздің жыл санауымыз бойынша YI-ғасыр аралығында Оңтүстік Қазақстан аумағында дәуір құрған Қаңлы мемлекеттік бірлестігінің материалдық мәдениетіне арналған. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР Мемлекеттік орталық мұражайының баспаөз орталығынан хабарлады.

  • 8 Тамыз 2003
  • 1349
Фото - Caravan.kz

Көрме Шымкент педагогикалық институты қызметкерлерінің археологиялық жинақтары, 1964-1996-жылдар аралығындағы археологиялық экспедициялар мен ҚР Мемлекеттік орталық мұражайы қорынан алынған археологиялық материалдар негізінде құрастырылып отыр.

Көрме мұрағаттарының арасында арыс мәдениеті қорғандарындағы қазба жұмыстары нәтижесінде табылған біздің жыл санауымызға дейінгі II-ғасырдағы реконструкцияланған әйел киімі ерекше құнды болып саналады.
Сондай-ақ, көрме экспонаттары арасында мүйізтұмсықтың мүйізінен жасалып, бирюза және халцедон асыл тастары мен күміс және алтын шегелермен геометриялық ою жасалып әшекейленген біздің жыл санауымызға дейінгі I-ғасырдағы хүннү тайпасы атқамінерлерінің бірінің декоративтік айылбасы да ерекше маңызды мұрағат болып табылады.
Сондай-ақ, көрмеге қыштан жасалған тұрмыстық бұйымдар, су құмыралары, хумдар мен ыдыс-аяқтар қойылған.

Соңғы жаңалықтар