Жарияланды: 740

ҚР президенті Санкт-Петербург қаласында қазақ ақыны Жамбылға арналған ескерткіштің ашылуына қатысты

Бүгін, 30-мамырда Санкт-Петербург қаласында қазақтың ұлы ақыны Жамбылға арналған ескерткіштің ашылу салтанаты болып, оған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады. Санкт-Петербург қаласының 300 жылдық мерейтойына Қазақстан халқының тартуы болып табылатын бұл ескерткіштің жобасын сәулетші Феликс Романовский мен мүсінші Валентин Свешниковтар жасаған. Соғыс кезінде қала

тұрғындарын өз жырымен рухтандырған Ұлы ақынға ескерткіш орнату туралы шешім Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Санкт-Петербург губернаторы Владимир Яковлевтің былтырғы кездесуінде қабылданған болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть