Қытайда Димаштың костюмі 7 миллионға сатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда Димаштың костюмі 7 миллионға сатылды

Қытайда Димаштың костюмі 7 миллионға сатылды

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «Singer2017» ән байқауының бірінші кезеңінде киген сахналық киімі 158 890 юаньға (7,2 ми

  • 11 Сәуiр 2017
  • 1283
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «Singer2017» ән байқауының бірінші кезеңінде киген сахналық киімі 158 890 юаньға (7,2 миллион теңге) сатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Киім қытайлық mpaimai.jd.com ғаламтор сауда желісінде аукционға шығарылған. Бастапқы бағасы 188 юаньнан (8 500 теңге) басталған киімді сатып алуға 19 640 адам қатысып, 32 адам баға көтерген.

Қорытындысында киім 158 890 юаньға сатылып, жеңімпазға Iphone 6S телефоны сыйға тартылған.

Mpaimai.jd.com сайтының хабарлауынша, киімді Димаш 27 наурыз күні Шанхай қаласындағы 24-кезекті «China Top music Awards» шарасы кезінде аталмыш сайтқа тарту еткен. Ал сайт атақты әншінің киімін сатудан түскен қаражатты Қытайдағы балалар қорына аударып, көмекке зәру балаларға жұмсайды.


Соңғы жаңалықтар