Жарияланды: 700

Семейде "Рухани мәдениеттің ғылыми-танымдық негіздері" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті

Семейде "Рухани мәдениеттің ғылыми-танымдық негіздері" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

Конференцияға қатысушы, Қазақ Ұлттық Техникалық Университетінің ғалымы, техникалық ғылымдардың докторы Саят Ыбыраевтың айтуынша, семинарды республикалық "Сенім, Білім, Өмір" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған. Бас қосудың мақсаты - рухани мұраларды насихаттау, мәдени-тарихи мұраларды қайта жаңғырту, жастарды отаншылдық және ізгілік рухта тәрбиелеу болып табылады. Конференцияда Яссауи, Абай және Шәкәрім сынды Ұлы ойшылардан қалған рухани құндылықтарды насихаттау бағытындағы баяндамалар жоғары бағаға ие болды. С.Ыбыраевтың айтуынша, шетелдерден еліміз аумағына ентелей бастаған радикалдық, экстремистік діни сипаттағы қозғалыстар өздерінің астыртын бейнесін рухани тәрбие деген сылтаумен бетперделеп жасыруға талпыныс жасау арқылы қауіп төндіріп отыр. Осыған байланысты рухани тәлімгерлік тәрбиені насихаттау қазіргі таңдағы ең өзекті міндетке айналып отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть