Серік Ибрагимовтің әулеті дүркіретіп той жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Серік Ибрагимовтің әулеті дүркіретіп той жасады

Серік Ибрагимовтің әулеті дүркіретіп той жасады

Кеше Қызылордада әнші Серік Ибрагимовтің үйлену тойы болып өтті. Тойға Серіктің өнердегі әріптестері, туған-туыстары мен дос жарандарынан барлығы 550 адам қатысты.

  • 13 Қазан 2016
  • 6863
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz жазады.

6 қазан күні Серік Айнамкөз есімді қалыңдығын ұзатып алған еді. Келін әншінің продюсері Алтынбек Рахметовтің шаңырағына түсірілді. Одан кейін Серік келіншегін ауылына алып барды. Онда қазақтың салты бойынша беташар рәсімі өткізіліп, келіннің бетін Төреғали Төреәлі ашқан еді.

Естеріңізде болса, осы тойда тойбастардың орнына Серіктің жаңа үнтаспасының халыққа ұсынылатынын айтқан болатынбыз. Одан бөлек, Ибрагимов той барысында су жаңа «Мейлі» атты әнінің тұсауын кесті.

14574244_1188254421250036_4812360299384406016_n


бидаша айнамкоз

Соңғы жаңалықтар