Жарияланды: 610

Шымкентте «Қазақ анимациялық фильмдер апталығы» өтіп жатыр

Шымкентте «Қазақ анимациялық фильмдер апталығы» өтіп жатыр. 30 мамыр мен 5 маусым аралығында «Мега Шымкент» ойын-сауық орталығында қазақ мультфильмдері тегін көрсетіледі.

«Бір апта ішінде біз балаларға соңғы екі жылда отандық студиялар шығарған 20-дан астам анимациялық фильмдерді көрсетеміз», - деді «Жебе» кинокомпаниясының президенті Керімбек Ниязбаев. Бірнеше анимациялық мультфильмдердің авторы отандық фильмдер балалардың көңілін көтеріп қана қоймай, жас жандарына жақсы әсер етеді деп санайды. «Біз барлығы 750 балаға қазақ мультфильмдерін осылай көрсетіп шығуды жоспарлап отырмыз. Ол балалардың ішінде балалар үйінің тәрбиеленушілері, мүмкіндігі шектеулі балалар, әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан балалар бар», - дейді департамент директоры Ғалия Жүсіпова. Бұл -ілкі жоба. Акцияны Оңтүстік Қазақстан облысы балалар құқығын қорғау департаменті, «Жебе» кинокомпаниясы, «Kino park 5» және «Happyland» әкімшіліктері ұйымдастыруда. Олар бұл жобаны Халықаралық балаларды қорғау күні мен Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть