Тәуекел Мүслім: Отыз жасқа дейін үйленбеймін - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәуекел Мүслім: Отыз жасқа дейін үйленбеймін

Тәуекел Мүслім: Отыз жасқа дейін үйленбеймін

Бұл туралы Іkerim.kz сайтында жазылды.

– Қыздарға талапты жоғары қоятын сияқтысыз. Әлі бойдақ жүргеніңізге сол себеп емес пе?

– Қыздарға аса жоғары талап қоймаймыз. Қазір енді көбінесе жұмыспен, өнермен жүргеннен кейін кішкене уақыт тапшы болып жатыр. Ал енді өзіңіз білесіз, жеке өмірге уақыт бөлу керек, көңіл бөлу керек, ақша бөлу керек деген сияқты және «нерв» бөлу керек. Сол жағынан тапшы болғандық, көңіл

  • 7 Қаңтар 2017
  • 2628
Фото - Caravan.kz

– Қыздарға талапты жоғары қоятын сияқтысыз. Әлі бойдақ жүргеніңізге сол себеп емес пе?

– Қыздарға аса жоғары талап қоймаймыз. Қазір енді көбінесе жұмыспен, өнермен жүргеннен кейін кішкене уақыт тапшы болып жатыр. Ал енді өзіңіз білесіз, жеке өмірге уақыт бөлу керек, көңіл бөлу керек, ақша бөлу керек деген сияқты және «нерв» бөлу керек. Сол жағынан тапшы болғандық, көңіл бөлмей жүрмін. Алла жазса отызға таман, әлі екі жылдай жүгіріп, жететін жетістіктерге жетіп, бағындыратын қамалдарды бағындырып алсақ. Бұйырса, артынша міндетті түрде үйленеміз.

– Көп қыздармен сізді байланыстырады. Мақпал Исабекова, Гүлназ дегендей. Бірақ сіз ешқашан ол әңгіме төңірегінде жауап бермейсіз. Неліктен? Рас болғаны ма, әлде сізге назардан түспей жүрген ұнай ма?

– Әрине, кіммен суретке түссең де бәрі өз пікірін, ойын айтуға асығып, құмартып тұрады. Бұл менің ойымша, білмей жатып тон пішу. Ол, әрине, дұрыс емес. Мен парақшамда жариялап, ресми түрде айтып жатқаным жоқ. Ал үндемейтін себебім бұл – жалған әңгімелер болғандықтан уақыт кетіргім келмейді. Бәріне назар аудара бермеймін…


– Енді қашан анаңызға келін әкелуді ойлап жүрсіз?

– Ғашық болып жатсам үйленуім ертең-ақ. Одан ешкім сақтанған емес. Кездесіп жатса үйленемін. Кездеспесе өз тірлігіммен айналысып жүре беремін. Негізі отызға дейін үйленбеймін деген ойым бар. Анам да асығып жатқан жоқ. Сондықтан бәрі жақсы.

– Өзіңіздің неше балаңыз болғанын қалайсыз?

– Алла жазса мүмкіндігім болса, көп балалы болғанды қалаймын. Өзім үш ұлым мен бір қызым болғанын армандаймын. Одан көп болса да қарсы емеспіз. Алла күш-қуат берсе, қазақтардың санын көбейтеміз.

Соңғы жаңалықтар