Түнде беті ашық қалған тағамды жеуге бола ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түнде беті ашық қалған тағамды жеуге бола ма?

Түнде беті ашық қалған тағамды жеуге бола ма?

Халқымызда түнде тағамның беті ашық қалмауы тиіс деген ұғым бар.

  • 8 Қараша 2018
  • 1839
Фото - Caravan.kz

Аналарымыз ыдыстың бетін жабатын қақпағы болмай қалған жағдайда бетіне «Бисмиллә» деп жіңішке ағаш сиқты нәрсені көлденең қоятын.

Жәбир (р.а) жеткізген хадисте Алла елшісі (с.ғ.с): «Ыдыстарыңның (су, тамақ) бетін жабыңдар, есіктеріңді (түнде) ашық қалдырмаңдар және шырақтарыңды сөндіріңдер. Ақиқатында, шайтанға сусын беру, оған есіктерді ашу және ыдыстарды ашық (алдына тамақ жайып қою) қалдыру халал емес. Біреулерің ыдыстың бетін жабатын нәрсе таба алмаса, «Бисмиллә» деп  ыдыстың бетіне көлденең бір нәрсені қойсын…»[1] десе, тағы бір хадисте: «Ыдыстарыңның (су, тамақ) бетін жабыңдар. Расында бір жыл ішінде оба ауыруы жүретін бір түн бар. Бұл оба ауыруы тек ашық ыдыстағы тағамдарға түседі»
[2]  деген.

Соңғы жаңалықтар