Жарияланды: 4900

Украиндарды жылатқан қазақстандық қаршадай әнші қызға Украина азаматы бол деп жатыр

Украиндарды жылатқан қазақстандық қаршадай әнші қызға Украина азаматы бол деп жатыр Сурет - видеодан скриншот

Алматылық Данэлия Төлешова Украинада өткен "Голос.Діти" байқауының жеңімпазы атанды. Өнер сайысының суперфиналында ол орындаған "Не твоя війна" ("Сенің соғысың емес") деген ән залда отырғандардың көбінің көзіне жас алдырды. Жылағандардың арасында Данэлияның осы байқаудағы тәлімгері Дима MONATIK те бар.

Дима MONATIK. Видеодан скриншот
Дима MONATIK. Видеодан скриншот

Қазылар алқасы осындай керемет әншінің табылғанына дән риза. Тіпті қызды-қыздымен тәлімгерлердің бірі қазақстандық қызға Украина азаматтығын ұсыныпты.

"Данэлия ғарыштан келген секілді. Сені ұстап көргім келеді. Сен ғажапсың. Украина президентінен саған азаматтық беруді сұраймын" деді оның бір өнер көрсетуінен кейін тәлімгер Наталия Могилевская, деп жазады "Казинформ".

Сөйтіп, кеше Данэлия Төлешова "Голос. Діти" байқауы төртінші кезеңінің жеңімпазы атанды. Сонымен қатар, ол "елдің бала дауысы" атанып, "Наше радиода" үш ай бойы таратылу, Disneyland Paris-ге саяхаттау құқығына ие болды.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть