Жанар Айжанова туған өңірінде өнер мектебін ашпақ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жанар Айжанова туған өңірінде өнер мектебін ашпақ

Жанар Айжанова туған өңірінде өнер мектебін ашпақ

Ақтөбе облысынан шыққан әнші-термеші, актриса Жанар Айжанова туған жеріне өнер мектебін ашып бермек.

  • 22 Маусым 2017
  • 2287
Фото - Caravan.kz

Ақтөбеде туып өскен кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлері, дәрігерлер мен өнер саласының жұлдыздары туған жерге қайта оралды. Олар туған жердің дамуы мен өркендеуіне үлес қосу үшін бас қосты, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Ақтөбе өңірінен шыққан танымал, жетістіктерге қол жеткізген адамдар «туған жерге біз не істей аламыз» деген сауал төңірегінде ой қозғады. Форумға қатысқан «Алтын Қыран» компаниялар тобының құрылтайшысы Исламбек Салжанов ірі жобаларды Ақтөбеде іске асыруға уәде берді. Әнші Жанар Айжанова болса, жаңадан бой көтерген қалалық оқушылар сарайында ұлттық дәстүрді, мәдениетті жаңғыртуға, балаларға тәрбие беруге арналған өз мектебін ашпақ. Ал оның қызы «Мейірім» әлеуметтік үйінде дизайнерлік шеберлік сабағын өткізуі мүмкін.

«Әрбір адам үшін ең қымбаты – кіндік қаны тамған жері. Туған жерде тәрбие алып, өмір жолыңды бастайсың. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында үшінші жаңғыру кезеңінің басталғанын айтқан болатын. Экономикалық, саяси өзгерістермен қатар рухани жаңғыру енгізу жөнінде мақала жариялады. Бағдарламалар белгіленді. Қазір Елбасының берген тапсырмасын жүзеге асыру жөнінде жұмыс істеп жатырмыз. Арнайы «Ақтөбе — менің туған жерім» деген әлеуметтік желі ашылды. Мақсатымыз — жан-жақта жүрген жерлестеріміз туралы мәлімет алып, энциклопедия дайындау. Яғни, Ақтөбеден шыққан азаматтарды Ақтөбеге, кейін Қазақстанға паш ету, өсіп келе жатқан ұрпаққа Ақтөбе жерінде қандай азаматтар дүниеге келгенін, халық үшін, мемлекет үшін қандай қызмет жасап жүргендерін көрсету», — деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Форумға қатысқан республикалық трансплантология орталығының директоры Жақсылық Досқалиев те қатысты. Ол алдағы уақытта өңірде медицина саласын дамытуға үлес қосатынын жеткізді.


«Ақтөбеде тәрбиелі, білікті мамандар, профессорлар шықты. Мақтан тұтар азаматтар өте көп. Өңірде медицина саласы жақсы дамып келе жатыр деп ойлаймын. Туған жерге өз үлесімді ала келдім. Трансплантация, хирургия саласын әрі қарай көркейту, жаңа биікке көтеру жоспарда бар», — деді Ж.Досқалиев. 

Соңғы жаңалықтар