Жанар Дұғалова өмір сүруге не кедергі келтіріп жүргенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жанар Дұғалова өмір сүруге не кедергі келтіріп жүргенін айтты

Жанар Дұғалова өмір сүруге не кедергі келтіріп жүргенін айтты

Бұл туралы Жанар “Қазақстан-Ақтау” телеарнасына берген сұхбатында айтқан, деп жазады Stan.kz.

“Менің ең жақсы да жағымсыз қасиетім – әр нәрсені мінсіздендіруім. Бір жағынан ол мені өлтіріп барады, ал екінші жағынан ол мені жігерлендіреді, маза бермейді, яғни мен қойған мақсатыма жетпейінше тынбаймын, болмысым осындай. Мәселен, қазір мен сізге сұхбат бере отырып оны екінші рет түсіргім келіп ?

  • 13 Ақпан 2017
  • 2410
Фото - Caravan.kz

“Менің ең жақсы да жағымсыз қасиетім – әр нәрсені мінсіздендіруім. Бір жағынан ол мені өлтіріп барады, ал екінші жағынан ол мені жігерлендіреді, маза бермейді, яғни мен қойған мақсатыма жетпейінше тынбаймын, болмысым осындай. Мәселен, қазір мен сізге сұхбат бере отырып оны екінші рет түсіргім келіп отыр. Себебі оны көрген кезде өзімді ұнатпайтынымды білемін. Перфекционизм деген де осы. Ол өмір сүруге қатты кедергі келтіреді.

Әнге келсек те, олардың көп болмауының басты себебі осында. Себебі мен бірдеңені қолға алсам, ол мінсіз болуы, барлығы көңілімнен шығуы тиіс. Бұл көбінесе айналамдағылардың шамына тиеді. Дыбыс режиссерлерінің, өңдеушілердің жанын аламын, қинаймын, жылаймын, дегбірсізденемін, бірақ одан кейін бар жанымды беремін. Нәтиженің оны қаншалықты ақтайтынын білмеймін. Дегенмен өмір ол сахнадан да артық нәрсе, оны енді ғана түсініп жатырмын. Өмір дегеніңіз менің әндерімнен де артық дүние. Ал мен менің туындыларым тарихта қалуы тиіс деп ойлайтынмын. Осыны түсінгендіктен көп нәрсеге жеңіл қарауды үйреніп жүрмін, алайда әзірге қолымнан келер емес”, – дейді Жанар.


Бұдан бөлек, әнші өзінің арманындағы жігіттің қандай үш қасиетке ие болуы керектігі туралы айтты.

“Ол мейірімді, дана әрі батыл болуы тиіс”, – деп ағынан жарылды Жанар.

Еске сала кетейік, жуырда ғана Жанардың көпшілікті шулатқан “Ала кетпедің” бейнебаяны жарыққа шыққан болатын.

Соңғы жаңалықтар