Жаңа құрамдағы "КешYOU-дың" алғашқы бейнебаяны көпшілікке ұнамай қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңа құрамдағы "КешYOU-дың" алғашқы бейнебаяны көпшілікке ұнамай қалды

Жаңа құрамдағы "КешYOU-дың" алғашқы бейнебаяны көпшілікке ұнамай қалды

Жаңа құрамдағы "КешYOU-дың" "Қалай ғана?" әніне түсірілген алғашқы бейнебаяны ғаламторға кеше жарияланды. Оның осы уақытқа дейінгі қаралу көрсеткіші 155 мыңнан асқан. Десе де, әнді де, бейнебаянды да сынап жатқандар көп.

  • 16 Наурыз 2017
  • 3086
Фото - Caravan.kz

Әсіресе, көпшілік сөзі түсініксіз екенін айтуда, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі. Айтқандай, ғаламтордағы видеоның астына оны түсіруге қатысқан талай адамның аттары жазылғанымен, әуен мен сөз авторлары көрсетілмеген. Ал ән мен бейнебаянды сынаушылардың және оларға қарсы дәлел келтіргендердің пікірлерін төменде беріп отырмыз.

Gulbanushkin: "Не дейді?! Не естіп, не көргенімді түсінбедім".

Welcome to my World: "Ризамынды" "Туған жерді" айтқан "КешYOU" қайда? Иә, шынымен заманауи ән. Бірақ мұндай айқай-шуды күнде көріп, естіп жүрміз. Ал қазақилығы тасып тұрған "КешYOU-дың" жұрнағы да қалмағандай ма, қалай? Егер келесі әндері де осындай бағытта шыға берсе, "КешYOU" біраз тыңдармандарын жоғалтатын сияқты… Менен бастап…"

Аселя Ауезхан: "Бұлай қатты сынаудың қажет жоқ. "КешYOU-дың" форматы өзгеріп, оның жаңа дәуірі басталады деп Баян ханымның өзі айтты ғой. Бұл маған ұнады. Қазақстанның шоу-бизнесі осындай жаңа белеске шығуы тиіс сияқты. Ал "КешYOU" жаңа белес боп тұр". 

Кейбір пікір білдірушілер жаңа құрамдағы төрт қыздың дұрыс қосылмағанын, бұлардың біртұтас квартет болмай, әркім өз бетінше орындап жатқанын айтқан. Енді біреулер бұл америкалық актриса, әнші, сазгер Ариана Гранденің көшірмесі дейді.  

WeKAZ: "Ариана Гранденің "Focus" әнінің исі бұрқырап тұр. Жаңашылдықты мүлдем көрген жоқпын. Сол баяғы бәрімізге белгілі, дауыстары піспеген әншілерді қоса салған. Әзірше 2 деген баға беремін. Тырысыңыздар!"


Айтпақшы, топ әншілерінің бірі — Назым Әбілдинаның продюсер Баян Есентаеваның үлкен қызы — Айсәуленің Жаңа жыл кезінде жұртқа көрсеткен көйлегін киіп алыпты деп жатқандар да бар. 

Назым Әбілдина (Назым Әбілдина ("Қалай ғана?" әнінің бейнебаянында) және Айсәуле Бақытбек. Caravan.kz коллажы

Айта кетейік, "КешYOU-дың" құрамы өткен айдың басында өзгерді. Бұрын үш қыздан құралған топта қазір төрт бойжеткен бар. Олар: Балжан Бидаш, Элизат Берікова, Сара Амангелді және Назым Әбілдина.

Қазіргі КешYOU. Vk.com/КешYOU фотосыҚазіргі КешYOU. Vk.com/КешYOU фотосы

  

Соңғы жаңалықтар