Жаңа жыл түнінде бауырға салмақ түспеу үшін не істеу керек? - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңа жыл түнінде бауырға салмақ түспеу үшін не істеу керек?

Жаңа жыл түнінде бауырға салмақ түспеу үшін не істеу керек?

Тәтті әрі өткір күшті ішімдіктер бауырға қосымша күш түсіреді.

  • 19 Желтоқсан 2018
  • 71
Фото - Caravan.kz

Мұндай ескертуді жаңажылдық кешке орай ресейлік психиатр-нарколог Евгений Брюн жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас маманы психиатр-наркологтың мәлімдеуінше, жаңажылдық кеш үшін ішімдік алғанда ақ құрғақ шарапты таңдау керек, себебі оның ағзаға зияны айтарлықтай төмен.

"Ең дұрысы, ақ құрғақ шарап, ол бауыр үшін айтарлықтай жеңіл. Бастысы — өткірлігі күшті ішімдіктерді ішпеу", — деді ол.

Брюннің айтуынша, тәтті ішімдіктер денсаулық үшін зиянды, себебі олар бауырға түсетін салмақты арттырады. "Ішімдік пен қант бір-бірімен бәсекелес болып келеді, сондықтан ішімдік одан әрі қорытылмай қояды", — деп түсіндірді Брюн.


Оның сөзіне қарағанда, түнде ішімдік ішу денсаулық үшін зиянды, себебі бауыр түнгі уақытта ішімдікті өте нашар қорытады, соның салдарынан ішімдік токсикозы күшейеді.
 

Соңғы жаңалықтар