Жұлдыз Әбдікәрімова енесінің өзіне арнап кино дайындап жатқанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жұлдыз Әбдікәрімова енесінің өзіне арнап кино дайындап жатқанын айтты

Жұлдыз Әбдікәрімова енесінің өзіне арнап кино дайындап жатқанын айтты

Гүлзира Айдарбекова тағы бір фильм түсіруге дайындалып жүргенін айтқан еді.

  • 20 Желтоқсан 2018
  • 247
Фото - Caravan.kz

Белгілі продюсердің айтуына қарағанда, КН орталығы түсіретін кезекті картинаның сценарийі әлдеқашан жазылып қойған. Ал Жұлдыз Әбдікәрімова сценарийдің дәл өзіне арналып жазылғанына сенімді. Себебі енесі мен күйеуінің берген уәдесі бар.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Киноға арналып жазылып жатқан сценарийлер маған арналып жатыр десем, қателеспеспін. Себебі мама да, Қайрат та “өзімнің кинома ғана түсіремін” деп айтқан болатын. Сол уәдесінде тұрып, тапсырыс берілген сценарий дайын болып қалды деп жатыр. Маған да айтқан. Ол әлі аяғына дейін дайын болған жоқ. Шикі десек болады. Әрине, ол киноға міндетті түрде мен түсемін”, – дейді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Қайрат Нұртас келіншегін тек қана өз фильміне түсіретінін, ал өзге режиссерлердің ұсынысы жайлы тіпті ойланбайтынын айтқан болатын. Десе де, Жұлдыз сырттан келген ұсынысқа берер жауабым фильм сценарийіне де байланысты деп отыр.


“Егер де ол рөл ұнап жатса, жалғыз маған емес, жолдасымның, ата-енемнің көңілінен шығып жатса, ортақ келісім беріп жатса, ол ұсынысты қабылдауға дайынмын. Ұсыныстар түсіп жатады, тек ол рөлдер көңілімізге қонған жоқ”, – дейді Әбдікәрімова.

Соңғы жаңалықтар