”Жалған сенсация ретінде ұсынатын фильмдерді түсіруін тоқтату қажет” - Тарихшы-ғалым Майя Бекбаеваны қатаң сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 541.93
  • 636.71
+32 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Жалған сенсация ретінде ұсынатын фильмдерді түсіруін тоқтату қажет” - Тарихшы-ғалым Майя Бекбаеваны қатаң сынға алды

”Жалған сенсация ретінде ұсынатын фильмдерді түсіруін тоқтату қажет” - Тарихшы-ғалым Майя Бекбаеваны қатаң сынға алды

Тарихшы-ғалым Амантай Исин журналист Майя Бекбаеваны қатаң сынға алды.

  • 12 Мамыр
  • 48
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Құрметті Майя Бекбаеваға тарихи тақырыптарға байланысты, өзі терең түсінбейтін, жалған сенсация ретінде ұсынылатын фильмдер түсіруін тоқтату қажет. Мұндай материалдар академиялық, академиялық емес және аралас бағыттағы тарихшылар арасындағы келіспеушіліктер мен өшпенділікті күшейтеді. Сонымен қатар, мұндай әрекеттер тарих ғылымының өзіне дақ түсіріп, фолк-хистори мен шын мәнінде тарихқа қатысы жоқ, жалған патриоттық көзқарастардың өршуіне жол ашады.

Бұндай айғаймен айтылатын пікірлерді, өкінішке қарай, көбінесе публицистер мен жазушылар тарапынан естіп жүрміз. Олар этногенез, этникалық топтардың сан жағынан басым ортада ассимиляциялану процестерін жете түсінбейді. Мұның бәрі қазіргі қазақ-моңғол қарым-қатынасына, қазақ халқының ұлы моңғол халқына, оның тарихи киелі орындары мен мәдениетіне деген терең құрмет сезіміне кері әсерін тигізуде”, — деп жазды тарихшы-ғалым.