Президент батыс облыстарының түлектеріне қосымша бөлінген гранттың төрттен бірі ғана игерілгендігін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент батыс облыстарының түлектеріне қосымша бөлінген гранттың төрттен бірі ғана игерілгендігін айтты

Президент батыс облыстарының түлектеріне қосымша бөлінген гранттың төрттен бірі ғана игерілгендігін айтты

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Akorda.kz ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев өңірге қажетті кәсіби кадрларды даярлау іс

  • 7 Қараша 2022
  • 5
Фото - Caravan.kz


Қасым-Жомарт Тоқаев өңірге қажетті кәсіби кадрларды даярлау ісіне баса мән берген жөн деп есептейді. Оның айтуынша, биыл жоғары оқу орындарына 73 мың грант берілген. Бұған қоса, Президент батыс облыстарының түлектеріне қосымша 10 мың грант бөлуді тапсырған болатын. Соның 6 мыңы Маңғыстауға берілді.

"Бірақ бұл гранттың төрттен бірі ғана игерілген. Бұл – түсініксіз жағдай. Оның үстіне облыста білікті мамандарға деген сұраныс өте жоғары екені белгілі. Ашығын айтсақ, жоғары оқу орындары және құзырлы министрлік кәсіби бағдар беру жұмыстарын ойдағыдай атқармай отыр. Түлектерге және ата-аналарға қосымша грант бөлінгені туралы толық ақпарат жетпей жатады. Ғылым және жоғары білім министрлігіне арнайы білім беру гранттары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізуді тапсырамын. Аймақта жастардың грантпен білім алуы, маман тапшылығы, түптеп келгенде облыстың дамуы – бәрі өзара тығыз байланысты мәселе. Сондықтан облыс әкімі бұл мәселені мұқият қарастыруы керек", – деді Президент.

Соңғы жаңалықтар