1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күнінде Астана төрінде үлкен гала концерт өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 518.34
  • 607.18
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күнінде Астана төрінде үлкен гала концерт өтеді

1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күнінде Астана төрінде үлкен гала концерт өтеді

1 желтоқсан күні Астанадағы «Қазақстан» Орталық концерт залында Тұңғыш Президент күніне арналған үлкен гала концерт өтеді.

  • 25 Қараша 2012
  • 662
Фото - Caravan.kz

«Сазген сазы» және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері А.Абылаев жетекшілік ететін «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен достастық елдерінің әртістері мен шығармашылық ұжымдары өнерлерін ортаға салатын болады.

Кеш қонақтары арасында Молдова Республикасының халық әртісі Константин Москович, қазақ эстрадасының жұлдыздары, әнші Роза Рымбаева, «МузАрт» және «Бәйтерек» топтары, Беларусьтың «Камерата» ансамблі, Омбы қаласының орыс халық хоры, Өзбекстан мен Қырғызстанның халықаралық байқаулардың лауреаттары және басқалары бар.