Жарияланды: 1000

10 маусымда үнді ақыны және ағартушысы, суретші Р.Тагордың көрмесі ашылады

2011 жылдың 10 маусымында сағат 17.00-де ҚР Тұңғыш президент Мұражайының күмбезді залында үнді ақыны және ағартушысы, суретші Рабиндранат Тагордың 150 жылдық мерейтойына арналған «Қызыл шұғыла» атты көрменің салтанатты ашылуы болады.

Көрме үш жылдан астам уақыт жұмыс істейтін Музейдің халықаралық жобасы «Мәдениет арқылы сұхбат» шеңберінде өткізіледі. Осы уақыт бойына Астана тұрғындары және қонақтары үнді халқының бай тарихы және мәдениет мұрасымен ғана емес, сонымен қатар Үндістанның қазіргі бейнелеу өнеріндегі біртума жұмыстарымен таныса алды. «Қызыл шұғыла» атты көрме Үнді мәдениет орталығы және Қазақстан Республикасындағы Үнді елшілігімен біріге ұйымдастырылып отырған кезекті төртінші мәдениеттік іс-шара. Рабиндранат Тагор (1861-1941) – ақын және ағартушы. 1861 жылы 6 мамырда Калькуттада діни-реформаторлық қоғамы көсемінің отбасында дүниеге келген. Аса зиятты отбасында өскен Тагор санскрит, бенгалдық және ағылшын әдебиеттерін оқып, жазушы ретінде қалыптасты. Осылайша ол классикалық және халықтық Үндістанды еуропалық мәдениетпен үндестіре білді. Жазушының мұрасы – романдар және повесттер, 50-ден астам дастандар мен өлеңдер жинағы, 100-ге жуық әңгімелер, көсемсөз, романтика сипатындағы пьесалар, философия саласындағы жұмыстары, әдебиет және тіл тарихы, мектеп оқулықтары, Данте және Петрарканың өлеңдерінің аудармалары. «Халық рухы» атты өлеңі Үндістанның, «Менің алтын Бенгалиям» атты өлеңі Бангладештің ұлттық әнұрандары болып қалыптасты. Әлемге танымал болған ол, 1913 жылы әдебиет саласынан Азия жазушыларынан алғашқы болып Нобель сыйлығын алды. Оның еңбектері халықаралық тілдерге аударылған. «Жеті қырлы, бір сырлы» Р. Тагорды еуропалық қайтаөрлеу кезеңі ғұламаларымен салыстырады. Прозашы, драматург, сазгер, сонымен қатар Рабиндранат Тагор біртума суретші және кескінші. Өмірінің соңғы 12 жылын графика және көркем өнерге арнаған Тагор өзінен кейін екі мыңға жуық бейнелеу өнері саласындағы еңбектерін артына қалдырды. «...Өмірімнің таңы өлеңге толы болды; өмірімнің соңғы күндері бояуға толы болсын»-деген Р.Тагор. Үнді халқының ұлы перзентінің сан қырлы шығармашылығымен танысуға мүмкіндік беретін көрмеде Р. Тагордың 45 цифрлы көшірме суреттері орналасқан. Экспозияцияда, сонымен қатар, ҚР Тұңғыш Президент Музейі қорынан алынған кәдесыйлар мен кітаптар бар. «Қызыл шұғыла» атты көрме 2011 жылдың 20 маусымына дейін жалғасады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін