Жарияланды: 520

10 маусымында Қазақ мемлекеттік филармониясында мерекелік концерт өтеді

Медеу ауданы әкімінің аппараты және Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада–цирк колледжінің ұйымдастыруымен 2011 жылдың 10 маусымында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Қазақстан Республикасының 20 жылдығына және Медеу ауданының 75 жылдығына арналған мерекелік концерт өтеді.

Іс-шара барысында хор ұжымдарының, әншілердің, би ансамбльдерінің өнерлері және колледж оқушыларының эстрадалық–цирктік қойылымдары көрермендерді ерекше мейрам сезіміне бөлейді. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ш.Бүркітбаева мен С.Мақұлбековтің, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айгүль Татидің тәлімгерлері қатысушылардың жадында ұзақ уақытқа қалатын қойылымдарды ұсынбақ. Мереке-думанының күәгері болам деушілерге есік ашық.. Өтетін уақыты 10 маусым 2011ж. сағат 18.30-да Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы (Қалдаяқов көшесі 35, Төле би көшесінің қиылысы) Телефондар: 2917903, 2938544, 2916434, 87024529853

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін