20 жасар трансвестит Айя қайта еркек қалпына келуге уәде берді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
20 жасар трансвестит Айя қайта еркек қалпына келуге уәде берді

20 жасар трансвестит Айя қайта еркек қалпына келуге уәде берді

Трансвестит болып өзгергеніне 9 ай болған Айя, журналист Мұхит Сапарбайдың YouTube арнасына келіп сырын ақтарды.
Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

  • 12 Тамыз 2021
  • 6358
Фото - Caravan.kz

15 жасында нағашысы зорлап, бүгінгі таңда трансвеститке айналғанына 9 ай болған Айя есімді транс 1986 жылы 16 желтоқсан көтерілісіне қарсы шыққан Гүлбахрам Жүніспен ЛГБТ тақырыбында сөзге таласты.

Айя:

"ЛГБТ өкілдеріне қарсысыздар. Трансгендер, трансвеститтерді жек көресіздер, оларды түп тамырымен жойғыларыңыз келеді. Неге сіздер ең бірінші педофильдерді жоймайсыздар. Мысалы мен 15 жасымда өз нағашымнан зорландым. Одан кейін қаншама жыл іштей тынып, өз-өзімді кінәлап келдім. Міне 9 ай болды өз болмысымды өзгертіп әйел кейпіне ендім. Мені зорлаған адам қазір бала-шағасы бар рахат өмірін сүруде. Сіздер ең бірінші соларды жойыңыздар" — деді Айя.

"Өзімнің кім екендігімді ұмыттым. Туыстарымнан зорланған соң мен өз жолымды таба алмадым. Транс болғаныма 9 ай болды. Менің бұл бағдарламаға келу себебім сіздердің ЛГБТ — ға деген көзқарастарыңызды сәл болса да өзгерту. Өз ойымды ашық айту. Әрі қарай өздеріңіз шешесіздер.

Қоғам болып бізді өзгерткілеріңіз келеді ме? Қолдарыңыздан келеді ма? Мен дәл қазір барып еркек болып келуге дайынмын. Маған жаны ашитын, қолдайтын адам болмағандықтан мен адасып кеттім. Ортам қандай болды соларға ілесіп теріс жолға түсіп кеттім. Егер мені қолдасаңыздар мен қайтадан еркек боламын деп, — Гүлбахрам Жүніспен қол алысты.



Желідегі оқырмандар: "Барша қазақ елі болып, осы жігітті қолдайық! Дұрыс жолға түссін, мейіріміді болайық! Гульбахрам ханымға рақмет, ел алдына шығып отырғанына!","Мына дап дардай әйелдің сөзі ұят екен. Жеке басына қаншама сөздер айтып жатыр. Айя молодец еркек бол.","Айя сен қайта жігіт қалпыңа келсең бәріміз қуанамыз Жүректегі жара жазылады бауырым","Жігіт болса әдемі жігіт болатын сияқты, ақылыда бар екен, Алла қолдап кетсін","Мына Гульбахрам апамыздың талтаңдаған отырысы,сөзді бөлгені ұнамады.",- деп өз пікірлерін жазды.

 

Соңғы жаңалықтар