2004-2006-жылдарға арналған "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға түрлі саладағы 150-ден астам ғалымдар мен мамандар тартылып, 16 бағыт бойынша жұмыс істейді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-2006-жылдарға арналған "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға түрлі саладағы 150-ден астам ғалымдар мен мамандар тартылып, 16 бағыт бойынша жұмыс істейді

2004-2006-жылдарға арналған "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға түрлі саладағы 150-ден астам ғалымдар мен мамандар тартылып, 16 бағыт бойынша жұмыс істейді

2004-2006-жылдарға арналған "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың іс-шаралар жоспары ҚР үкіметінің №171 қаулысымен үстіміздегі жылдың 12-ақпанында бекітілді. Бұл туралы бүгін, 19-ақпанда Алматыда 2004-2006-жылдарға арналған "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысында ҚР мемлекеттік хатшысы Иманғали Тасмағамбетов хабарлады.

  • 19 Ақпан 2004
  • 718
Фото - Caravan.kz

Кеңес отырысында мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруа бағытталған іс-шаралар жоспарын атқарушы секция жетекшілерінің баяндамалары тыңдалып талқыланады,-деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

ҚР мемлекеттік хатшысының жанынан құрылған Қоғамдық кеңес «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында 16 бағыт секциясын айқындап, жетекшілерін тағайындаған болатын. Кеңестің алғашқы екі отырысында қоғамдық кеңестің тәртібі, кеңес аясындағы жұмыс топтарының құрамы, мемлекеттік бағдарламаны іске асыру тұжырымдамасы мен іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруға жұмылдырылатын мамандар тізімі бекітілді. Бағдарламаны және оның іс-шаралар жоспарын іске асыруға негізінен мәдениет, ақпарат, білім және ғылым министрліктерінің ғылыми-зерттеу институттары, жоғары білім ошақтарындағы тарих, этнография, археология, әдебиет, философия, тіл білімі, мәдениеттану, социология, шығыстану, фольклористика, педагогика, психология саласындағы 150- ден астам ғалымдар мен мамандар тартылады.
2004-2006-жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 3 372,978 млн. теңге жұмсалады деп межеленген.

Соңғы жаңалықтар