Жарияланды: 550

2004-жылы Астанада Ұлттар сарайы салына бастайды - ҚР Елбасы

"2004-жылы біз Астанада Ұлттар сарайының құрылысын салуға кірісе аламыз. Қазір бұл құрылыстың жобасы жасалу үстінде және оны біз салып бітіреміз дегенге сенімім зор". Бұл туралы бүгін, 27-тамызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясы Кеңесінің 14 мүшесіне - ұлттық -мәдени бірлестіктердің басшыларына президенттік гранттар табыс ету барысында мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Елбасының пікірінше, "ғимараттың бір қанатын Қазақстан халықтарының Ассамблеясы түгелімен иемденіп, онда барлық ұлттық-мәдени орталықтар орын тебе алады. Ал екінші қанатында еліміздің барлық аймақтары мен облыстарынан келген өкілдерге орын берілуі тиіс" . "Мен бұл сарайдың ішіне шағын мешіт, шіркеу, синагога және будда храмының бәрі де сыйып тұрғанын қалар едім. Соның нәтижесінде адамдар бір қақпадан кіріп, әркім өз құдайына сыйына алар еді",- деді Н.Назарбаев.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін