«Биылғы жылы менің өмірімде үлкен өзгерістер болды. Ол өзім ұзақ жылдан бері қызмет жасап келе жатқан Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында режиссер Ермек Тұрсынов түсірген «Шал» фильмі жарық көргеннен кейін басталды. Бұл туынды «Жыл фильмі», ал мен «Жыл киноактері» атанып, Қазақстан кинематографистер одағының «Құлагер» сыйлығын иелендім. Сондай-ақ Е. Тұрсыновтың командасы Жаңа жыл қарсаңында жеке пәтердің кілтін табыс етті», — дейді Е. Тоғызақов. Оның айтуынша, жарқын болашақтан ешқашан үміт үзуге болмайды. Ғажайыптар бар. Тек оған сеніп, күте білу керек. Бұған дейін тек эпизодтық рөлдерді ойнап жүрген оның енді халықтың ыстық ілтипатынан кейін өмірге деген құлшынысы артқан.