2012 жылғы «Хан Шатыр аруы» «Әлем аруы - 2012» халықаралық байқауына қатысудан бас тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2012 жылғы «Хан Шатыр аруы» «Әлем аруы - 2012» халықаралық байқауына қатысудан бас тартты

2012 жылғы «Хан Шатыр аруы» «Әлем аруы - 2012» халықаралық байқауына қатысудан бас тартты

«Хан Шатыр аруы - 2012» атағының иегері Светлана Расщупкина «Әлем аруы - 2012» халықаралық байқауына қатысудан бас тартты.

  • 11 Қараша 2012
  • 844
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «Экспресс-К» газеті «Пошла в отказ» мақаласында жазды.

«Әлем аруы» халықаралық байқауына Қазақстан атынан соңғы рет 2001 жылы Маргарита Кравцова қатысып, 3-інші орын алған болатын. Қазір ол «Қазақстанның Әлем аруы» байқауының продюсері. Тамыз айында Кравцова кастинг өткізді, оның жеңімпазы «Әлем аруы» халықаралық байқауына аттануы тиіс болатын.

«Светлана Расщупкина бұл байқауға қатысудан бас тартқан жоқ. Дұрысы, біз, ұйымдастырушылар бұл жағдайда тәуекелге бармауды шештік. Мен өзім ұқсас байқауға қатыстым және онда күрделі жағдайлар болуы мүмкіндігін білемін. Негізінен, Светлана — өте тамаша, талантты, келбетті және ақылды қыз. Сондықтан да таңдау оған түсті. Бірақ оның уақыт бойынша сәйкессіздіктері болды және осы жағдайда біз бір-бірімізді түсінбедік. Іске жеке өмір араласқанда, мәселе кейде қатысушының пайдасына шешіле бермейді. Біз Расщупкинамен жұмыс істемеу шешімін қабылдадық», — деді Маргарита Кравцова.

Кравцова сондай-ақ, Қазақстан «Әлем аруы» халықаралық байқауына келесі жылы қатысатындығын қосып өтті.

Соңғы жаңалықтар