Жарияланды: 410

23 шілдеде Қарағандыда «Музыкар» атты рок-фестиваль өтеді

23 шілдеде Қарағандыда 8-ші рет «Музыкар» атты рок-фестиваль өтеді, деп концертті ұйымдастырушылар хабарлады.

«Осы жылдары фестиваль шын мәнісінде аймақтағы ең басты музыкалық оқиға орнын алды. Жыл сайын оған Қарағандының халқының 10 пайыздайы қатысады. Жалпы алғанда «Музкарға» 250 мың қазақстандық қатысты», - делінген сейсенбі күні таратылған хабарда. «Музыкарда» қазақстандық және ресейлік сахна шеберлері өнер көрсетеді. Фестиваль басталғалы бері ашық аспан астында 30 мыңдай адам жинайды. Бұл астаналар үшін де өте сирек оқиға, делінген хабарда. Биыл фестивальде «Звери», «Чи-Ли», «Градусы» және «Улытау» топтары өнер көрсетеді. Алғаш рет «Музыкар» 2004-ші жылы өткізілді. Фестиваль «Қарағандылық» және «EfesKaragandaBrewery» компаниясының брендімен өткізіліп тұрады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін