23 шілдеде Қарағандыда «Музыкар» атты рок-фестиваль өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
23 шілдеде Қарағандыда «Музыкар» атты рок-фестиваль өтеді

23 шілдеде Қарағандыда «Музыкар» атты рок-фестиваль өтеді

23 шілдеде Қарағандыда 8-ші рет «Музыкар» атты рок-фестиваль өтеді, деп концертті ұйымдастырушылар хабарлады.

  • 13 Шiлде 2011
  • 398
Фото - Caravan.kz

«Осы жылдары фестиваль шын мәнісінде аймақтағы ең басты музыкалық оқиға орнын алды. Жыл сайын оған Қарағандының халқының 10 пайыздайы қатысады. Жалпы алғанда «Музкарға» 250 мың қазақстандық қатысты», — делінген сейсенбі күні таратылған хабарда.

«Музыкарда» қазақстандық және ресейлік сахна шеберлері өнер көрсетеді. Фестиваль басталғалы бері ашық аспан астында 30 мыңдай адам жинайды. Бұл астаналар үшін де өте сирек оқиға, делінген хабарда.

Биыл фестивальде «Звери», «Чи-Ли», «Градусы» және «Улытау» топтары өнер көрсетеді.

Алғаш рет «Музыкар» 2004-ші жылы өткізілді. Фестиваль «Қарағандылық» және «EfesKaragandaBrewery» компаниясының брендімен өткізіліп тұрады.

Соңғы жаңалықтар